Ақжайық ауданында мешіт жамағаты арасында «Шын мәнінде мүміндер бір-біріне бауыр» атты облыстық спартакиада өтті.
Онда Орал қаласы, Ақжайық, Бәйтерек, Казталов, Тасқала, Теректі, Сырым, Жаңақала аудандары мен Ақжайықтың Алғабас, Ақжол, Қарауылтөбе, Тайпақ, Ілбішін ауылдық округтері сынға түсті.
Спорттың жеті түрі бойынша 100 ден аса спортшы қатысқан додада асық ату бойынша Қолқанат Серіков, арқан тартыстан Жомарт Лұқпанов, Алтынбек Болатов, Қайрат Шәутенов, Жасқанат Сыралиев, Тілек Бақтығалиев І орынның биігінен көрінді.
Ал қол күресі бойынша 74 келі салмақта Есболат Әбекенов ІІІ орынға, 74 келіден жоғары салмақта Қолқанат Серіков ІІ орын, төл ойынымыз тоғызқұмалақтан Қайрат Шаутенов ІІ орынға лайық деп танылып, жалпы командалық есепте Жаңақала мешіт жамағаты бас жүлдені иеленді.
Айзада Ақбасова
Жаңақала ауданы