23.12.2024, 14:45
Оқылды: 365

Доллар, еуро мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 515-530 теңгеден саудаланып жатыр, деп жазды ҚазАқпарат.

IMG_5924

Сурет: pexels.com

Ұлттық банктің 23 желтоқсанға ұсынған ресми бағамы — 1 долларға 523,86 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,11 теңге. Еуро — 544,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 526 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 528 теңге. Еуро 545 — 550 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 515 теңге, сатып алу құны — 530 теңге. Еуро 544 теңгеден сатылып, 554 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,02 - 5,12 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 20 желтоқсан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,05 теңгеге төмендеп, 523,95 теңге болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале