23.12.2024, 20:00
Оқылды: 14

Оралдық еріктілер үздіктер қатарынан көрінді

«AMANAT» партиясының «Jastar Ruhy» Жастар қанаты дәстүрлі жылды қорытындылау шарасын өткізіп, еліміздің түкпір-түкпірінен келген бірқатар жастарды жыл соңында марапаттады. Арасында оралдық Сағидолла Сабыржан мен Қуатов Дархан да бар.

photo-output

Биылғы жылы өңірімізде болған экологиялық апат – су тасқыны кезіндегі еріктілердің елеулі еңбегін атап өтпесек болмас. Замандастарының алдында топ бастап, бірқатар жастардың басын біріктірген азаматтар бүгін партияның жастар қанатының марапаттарын алды.

«Jastar Ruhy» Жастар қанатының облыстық филиалының белсендісі, М.Өтемісов атындағы БҚУ студенттік ректоры Қуатов Дархан «Жылы жүрек» аталымында үздік атанды. "Жылы жүрек" аталымының ерекшелігі – бұл аталым бойынша елімізде экологиялық апаттардың салдарын жоюға қатысқан, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаған, игі істерді іске асыру және қоғамдық маңызы бар бастамаларға қатысқан жастардың өтінімдері қабылданды. Дарханның бұл жеңісі – ел басындағы қиындықтарда ұйымдаса білген,  әртүрлі жағдайдағы көмекке мұқтаж жандардың жанайқайын ести білген бірқатар еріктілердің ортақ жеңісі деп білеміз.

photo-output

Сонымен қатар «Jastar Ruhy» Жастар қанатының «Белсенді рухтас» аталымында Сағидолла Сабыржан үздіктер қатарынан бой көтерді. Өңірдегі рухтастар «Ардагерлерді ардақтайық!», «Кедергісіз келешек» және т.б. партиялық жобасы аясында өңірде еріктілік қызметті белсенді түрде насихаттап келеді. Қазіргі таңда жастар «Сөйле» қазақ тілінде білім беруге бағытталған тілдесу клубын ашып, жастар арасында жаңа бағыттарды дамытуда.

Зарина Каирова

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметінің меңгерушісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале