Бүгін, 24 желтоқсан күні, сағат 10:00-де Цифрлық үкімет кеңсесінде Үкіметтің көшпелі отырысы өтеді.
Сурет: primeminister.kz
Күн тәртібінде – мемлекеттік органдар жұмысына жаңа цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект ендіру.
Үкімет отырысының тікелей таратылымы PrimeMinister.kz сайтынан, YouTube ресми арнасында, Facebook әлеуметтік желісінде, сондай-ақ UKIMET Telegram-каналында жүреді.
Үкімет отырысының қорытындысы бойынша цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев, денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин, қаржы вице-министрі Әсет Тұрысовтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.
Баспасөз конференциясының тікелей таратылымы YouTube ресми арнасында және Facebook әлеуметтік желісінде жүреді.