24.12.2024, 16:30
Оқылды: 59

Казталовта төрт ауылдың тұрғындары баспаналы болды

Бүгін Казталов ауданындағы Казталов, Тереңкөл, Бірік, Қошанкөл ауылдық округтерінде тағы 13 отбасы жаңа баспанаға ие болып, қоныс тойын тойлап жатыр.

IMG-20241224-WA0074

Жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсімі Тереңкөл ауылдық округінің орталығы Нұрсай ауылында өтті. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаты Сәкен Ищанов, округ әкімдері, құрылыс жүргізген мердігерлер, ауыл тұрғындары қатысты.

IMG-20241224-WA0071

Шарада сөз алған облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нұрсай, Қошанкөл, Бірік, Қоныс  ауылдарының тұрғын үй кезегіндегі азаматтарына жаңа үйлердің кілтін табыстап, жылы лебізін білдірді.

— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкіметке халықтың әл-ауқатын арттыру мақсатында бірқатар міндет жүктеген болатын. Президент тапсырмасымен жүзеге асқан бағдарламалардың бірі тұрғын үй кезегіндегі азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ауылдар мен елді мекендерге тұрғын үй құрылыстарын жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Казталов ауданында баспанаға мұқтаж тұрғындарын тұрғын үймен қамту мақсатында 28 елді мекенде 142 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық және облыстық бюджет есебінен қаражат бөлінді. Сонымен бірге облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қаладан — ауылға» жобасының нақты жемісін бүгінгі баспанамен қамтылып жатқан отбасылар көріп отыр. Елге жанашырлық танытып, ауылдың көркеюіне, тұрғындардың тұрмысын жақсартуға септігін тигізер азаматтардың арқасында ауыл дамиды. Осы жұмыстарды ұйымдастырған аудан басшылығына, тұрғын үй құрылысын жүргізген мердігерлерге алғысымды білдіремін. Халқымыздың мерейі үстем болып, еліміз өркендей берсін!, - деді облыс әкімінің орынбасары.

IMG-20241224-WA0100

Пайдалануға берілген тұрғын үйлер заманауи үлгіде салынған. Іші жарық, жылтуы, кәріз жүйелері қосылған. Қаладағы үйлерден кем емес. Жаңа баспанаға кілтін алып жатқан ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ.

IMG-20241224-WA0062

— Бүгін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл-аймақтарды дамыту бойынша берілген тапсырмасының арқасында баспаналы болып жатырмыз. Осы бағдарламаның жүзеге асырылуына ат салысқан барша азаматтарға және жаңа баспана салып берген мердігерлерге ризашылығымды білдіремін. Барша баспана иелерін бүгінгі қуаныштарымен шын жүректен құттықтаймын!, - деген жүрекжарды лебізін жолдады Нұрсай ауылының тұрғыны Гүлжанат Бердіғалиева.

Нұр Рахман

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале