Қазақстан Республикасында көпбалалы аналарды марапаттау мақсатында арнайы мемлекеттік наградалар — «Алтын алқа» және «Күміс алқа» тағайындалған. Бұл марапаттар аналардың қоғамдағы ерекше рөлін тануға және оларды қолдауға бағытталған.
Сондай-ақ отбасы құндылықтарын нығайтуға және көпбалалы отбасылардың мәртебесін арттыруға ықпал етеді. Мемлекет тарапынан берілетін бұл алқалар ұрпақ тәрбиесіндегі аналардың орнын айшықтап, болашақ ұрпаққа үлгі болуды көздейді.
Бүгін Теректі ауданының әкімі Әлия Мұханбетжанова аталған марапаттарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 21 қарашадағы №711 Жарлығына сәйкес ауданымыздың жарқын жүзді, алтын құрсақты аналарына табыс етті.
Айталық, «Алтын алқа» алқасы Ақжайық ауылдық округінің тұрғыны Шолпан Нұржігітоваға, «Күміс алқа» алқасы Подстепный ауылдық округінің тұрғындары Фариза Айтқалиеваға, Айнагүл Қамаеваға, ақжайықтық Жадыра Ақтаеваға, Саягүл Ермұхановаға, Гүлнар Төлеуоваға ақсуаттық Татьяна Геврасьеваға, Гүлімай Нығметоваға, шағандық Мейрамгүл Төлегеноваға, Шалқар ауылының аналары Жадыра Кенжеғалиева мен теректілік Ардақ Сұңқарәлиеваға, Ұлжан Мұханбетияроваға, Ания Днишеваға берілді.
Өз кезегінде Әлия Биғазықызы еліміздің демографиясын көтеруге үлес қосып, ұрпақ тәрбиесін басты орынға қоя білген марапат иелеріне лебізін білдірсе, аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев аналарды қуаныштарымен құттықтады.
Ақтілек Әлібекұлы
Теректі ауданы