24.12.2024, 18:25
Оқылды: 96

БҚО-да ветеринарларға 21 көлік табысталды

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов өңірдің ветеринария ұйымдарына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады.

c07eef87-c7d8-45a2-93ee-a362c37f9693

Өткен Тәуелсіздік күні мен келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орайластырылған кілт табыстау шарасына сала ардагерлері мен Орал қаласы және барлық аудандық ветеринария стансаларының басшылары қатысты.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Мал басының амандығы және өнімділігі жергілікті ветеринарлардың тиімді жұмысына байланысты. Бұл түптеп келгенде ауылдағы ағайынның әл-ауқатына тікелей әсер етеді», - деген болатын. Мемлекетіміз ветеринария саласын жетілдіруге мән бергенінің арқасында салада серпінді жұмыстар қолға алынды. «Медицина адамды, ветеринария адамзатты емдейді», - деген сөз бар. Өңірдің мал дәрігерлері төрт-түліктің саулығы бағытындағы жұмыстарды тиісті деңгейде атқарып жүр. Соның арқасында облыста аса қауіпті аурулар тіркелген жоқ, эпизоотиялық тұрақтылық сақталып отыр. Бұл – сала мамандарының тынымсыз еңбегінің жемісі. Күннің ыстық-суығында да жауын-шашынында да жол үстінде, жұмыс барысында жүретін мал дәрігерлерінің алаңсыз жұмыс жасауына барлық жағдай туғызуымыз керек. Орал қаласы мен аудандардағы ветеринариялық сатнсаларға жаңа көлік кілттерін табыстауымыз сондай құрмет пен қамқорлықтың көрінісі, - деді Тілепберген Ерсайұлы.

56af7efb-673c-4f78-b63c-b9cf8b1aca1b

Мал дәрігерлеріне барлығы 21 көлік табысталды.

Оның бесеуі газел, 14-ті нива, біреуі шевроле кобальт және біреуі хендэ туксон.

Түгелбай Бисен

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале