25.12.2024, 12:45
Оқылды: 83

Теректілік жастар жарап тұр

Биыл Теректі ауданының жастары үшін де олжалы жыл болғаны рас. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық көптеген жасқа бағыт-бағдар беріп, қоғамдық жұмыстарда белсенді болды.

IMG-20241224-WA0264

Атап айтсақ, ауылдық округтердегі жастар жетекшілері талай игі іске мұрындық болып, ел ортасынан табылды. Тасқын судың кезінде жұдырықтай жұмыла білді. Сондай-ақ рухани кештер мен подкаст жобасын қолға алып, жастар алаңына айналған Жайдарман ойындарының да жаңа тынысын ашты.

Облыс орталығында «ЖРО премиясы – 2024» салтанатты іс-шарасы өтті. Аталған басқосуда теректілік жастардың еңбегі еленді.

IMG-20241224-WA0261

Данияр Рахымғалиұлы «Ең өнерпаз маман» аталымына, Майра Нұрымжанқызы «Көпбалалы маман» аталымына ие болды. Айта кету керек, бұл кеште 13 аталым бойынша үздік азаматтар марапатталды.

IMG-20241224-WA0262

Мұндағы мақсат – жыл бойы қоғам серпілісіне үлес қосқан, еңбегімен көзге түскен өңірдің қозғаушы күштерін қолдау.

Ақтілек Орынбасар

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале