26.12.2024, 9:30
Оқылды: 320

Қазақ халқының қиын сәттегі көмегін әрдайым есте сақтаймыз – әзербайжан тілшісі

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан екі ұшқыш мерт болды. Өкінішке қарай, екеуі де әзербайжан азаматы. Қалған үш экипаж мүшесі аман қалды.

Егжей-тегжейін Jibek Joly арнасының эфирінде Азербайжан Қоғамдық телеарнасының журналисі әрі жүргізушісі Мурад Гусейнов айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.

IMG_6374

Сурет: Видеодан скриншот/ҚазАқпарат

— Алдымен қазақстандық тарапқа алғыс айтам. Ұшақ апатынан кейін жақын жердегі адамдар бірінші болып көмекке келді. Зардап шеккен жандарды құтқарған барлық қызмет пен дәрігерлерге үлкен рақмет. Сіздің материалыңызда адамдардың қиын жағдайға көмекке асығып, қан тапсырып жатқанын білдім. Бұл Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы байланыстың қаншалықты мығым екендігін білдіреді. Бұл екі халықтың берік және шынайы достығының дәлелі, — деді Мурад Гусейнов эфир кезінде.
Сондай–ақ, әзербайжан тілшісі екі ел көшбасшысының тығыз байланыста екенін атап өтті.

— Біздің көшбасшыларымыз Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы тұрақты диалог пен тығыз қарым-қатынасты ерекше атап өту қажет. Олардың өзара іс-қимылы төтенше жағдайда ғана емес, екі ел арасындағы серіктестік қатынастың кең ауқымын қамтиды, — дейді ол.

Әзербайжандық әріптесіміз, қорытындылай келе, қайғыға ортақтасып қан тапсырған және Қазақстандағы Әзербайжан елшілігі алдында гүл шоғын қойған қазақстандықтарға алғысын айтты.

— Әзербайжан халқы бауырластық қолдауды ешқашан ұмытпайды және қиын сәтте көрсетілген қазақ халқының көмегін әрдайым есте сақтайды, — дейді бауырлас әріптес.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале