Бөрліде спорт саласының жыл қорытындысы бойынша «Спортшылар балы – 2024» салтанатты мерекелік шарасы өтті.

Спорт ардагерлері мен спорт сүйер қауым жиналған шараның мақсаты – ауданның дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарылған жұмыстарды қорытындылау, спорт саласының үздіктерін анықтау, сала қызметкерлерінің жыл бойғы елеулі еңбектерін атап өту, ел чемпионатымен қатар байрақты бәсекелерде ауданымыздың ғана емес, өңіріміз бен еліміздің намысын қорғап, көк туымызды желбіреткен спортшыларымызға құрмет көрсету дәстүрін жаңғырту.
Спорт мерекесін ашқан аудан әкімі Еркебұлан Нұретдинұлы Ихсанов спортшыларды жыл ішінде жеткен жетістіктерімен қызу құттықтап, мерекелік жақсы тілегін жеткізді.
Сонымен бірге спорттағы жоғары жетістіктері еліміздің әлемдік қауымдастық алдында еліміздің абыройы бен мәртебесін асқақтатқан бір топ спортшыны марапаттады.
Дариға Нұрашова
Бөрлі ауданы