27.12.2024, 10:45
Оқылды: 303

Ақтау маңындағы әуе апатынан тірі қалған қанша адам еліне оралды?

Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен жандарға қазақстандық дәрігерлер медициналық жәрдемді толық көрсетіп жатыр, деп хабарлады ҚазАқпарат.

IMG_6498

Суреттер: Маңғыстау облысының әкімдігі

— Ресей Федерациясының 9 азаматы санитарлық авиация бортымен Мәскеуде одан әрі ем алуға эвакуацияланды. Сондай-ақ, бүгін кешке 14 пациент, яғни Әзербайжан азаматтары еліне аттанады. Қазіргі уақытта 6 пациент ем алып жатыр, оның үшеуі Әзербайжан азаматы және үшеуі Қырғызстан азаматы, — деді Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Тимур Мұратов Ақтауда өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін вице-министр ұшақ апатынан зардап шеккендердің қазіргі жағдайы туралы айтқан еді.

IMG_6499

Айта кетейік, ұшақ апатын зерттейтін комиссия шетел сарапшыларын күтіп отыр.

IMG_6500

Сондай-ақ Ресей мен Әзербайжан ұшақ апатын зерттейтін криминалистикалық тергеуге жіберілмейді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале