1.11.2016, 12:39
Оқылды: 51

Елі құрметтеген ағаға мемориалдық тақта орнатылды

%d0%b5%d0%bb%d1%96-%d2%9b%d2%b1%d1%80%d0%bc%d0%b5%d1%82%d1%82%d0%b5%d0%b3%d0%b5%d0%bd-%d0%b0%d2%93%d0%b0%d2%93%d0%b0-%d0%bc%d0%b5%d0%bc%d0%be%d1%80%d0%b8%d0%b0%d0%bb%d0%b4%d1%8b%d2%9b-%d1%82%d0%b0  Қазталов ауданы Қайыңды ауылында ұзақ жылдар Ленин атындағы ұжымшарды басқарған білікті басшы Кәкім Құсайыновтың 90 жылдығына орай өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды. Бұл бастама  Қайыңды бастауыш ардагерлер ұйымының ұйымдастыруымен  іске асырылды.


Кәкім  Құскайынов осы ұжымшарда төраға болған кезде Қайыңды ауылы көркейіп, дамыды. Егін шаруашылығы жөнінен ауданымызды күллі республикаға танытты.

Әлеуметтік нысандар салынды. Ал, сол салынған әлеуметтік нысандар бүгінгі күнде егемен елдің болашақ жастарына қызмет етуде. Былайша айтқанда Кәкім ағаның Сарыөзен бойында орналасқан бұл ауылға еңбегі зор.

Мемориалдық тақтаны ашуда сөз алған аудан әкімінің орынбасары Нұретдин Құтқожин, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Уәлиолла Әбішев,- Әркезде де ағалар жүріп өткен жолды бүгінгі ұрпақтың жадында болуы тиіс,-деген лебіздерін жеткізді.

Осы шарадан кейін Кәкім Құсайыновтың ұрпақтары дастархан жайып, марқұм рухына құран бағыштады.

Әсем БОЛАТ

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале