30.12.2024, 21:00
Оқылды: 48

Жалпақталда тұрғындарға 20 үйдің кілті табыс етілді

Бүгін Казталов ауданының Жаңажол, Жалпақтал ауылдарындағы жаңа тұрғын үйлердің кілтін салтанатпен табыстау рәсімі өтті.

IMG_3934

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әлеуметтік осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету – біздің басты міндетіміз.  Үй кезегінде тұрған азаматтардың баспана мәселесін шешу үшін мемлекеттік қолдауды күшейтіп, тұрғын үй құрылысы мен оның қолжетімділігін арттыру қажет. Әсіресе көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар жандарға және халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударып, олардың баспанаға қол жеткізуіне барынша жағдай жасауымыз керек» – деген болатын.

IMG_3975

Президенттің тапсырмасына сәйкес биылғы жылы Казталов ауданы бойынша 28 елді-мекенде үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арнап қос пәтерден 142 үйге қаржы бөлініп, қолданысқа берілуде. Солардың қатарында Жаңа жыл қарсаңында Жалпақтал ауылынан 16, Жаңажол ауылынан 4 тұрғын үй заманауи үлгіде салынып, пайдалануға берілді.

IMG_3945

Тұрғын үй табыстаудың салтанатты шарасында аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаты Мәди Меңдешов, мердігер Асхат Жұманов, ауыл тұрғындары мен үй алушылар атынан Жасталап Қазиуллин, Айнагүл Аралбаева сөз сөйлеп, қоныстой иелерін құттықтады. Аталмыш тұрғын үйлердің құрлысын сапалы әрі заманауи үлгіде жүргізген Жалпақтал ауылындағы мердігерлер Саят Галимов, Данияр Мусаев, Асхат Жұманов, Роллан Темірханов, Жаңажол ауылынан Айдынбек Жасмұхамбетов, Дархан Жолайға қоныс той иелері алғыс білдіріп, шашу шашып, ауыл өнерпазы Әлішер Ерболат «Қазақ елі» әнін тарту етті.

 

Қыдыр Харесұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале