1.11.2016, 13:07
Оқылды: 60

Өнердің иесі - Ерке Есмахан

%d3%a9%d0%bd%d0%b5%d1%80%d0%b4%d1%96%d2%a3-%d0%b8%d0%b5%d1%81%d1%96-%d0%b5%d1%80%d0%ba%d0%b5-%d0%b5%d1%81%d0%bc%d0%b0%d1%85%d0%b0%d0%bd   Ерке Есмахан Ақсайда «Елімнің Еркесімің» атты шығармашылық кешін өткізді.

   Кеш шымылдығы   алғашқы әндерінің бірі «Айша Бибімен»  ашылып,  халықтың сүйікті  әндерімен жалғасын тауып, «Алло» әні  халықпен бірге шырқалды.  Қазақтың ән өнерін, тіл байлығымыздың кеңдігін,  қазақылықтың иісің бойына сіңірген Ерке қыздарын  сағынып келген көрерменде, әні мен биі жарасқан Еркені қолпаштап, зор ықыласпен тындап, қошеметке бөлеп отырды. Өнердегі  әріптестері, Еркенің шашбауын көтеріп келген «Ханзада» тобы көрермендеріне  «Домбыра»,  «Жеңешем-ай»  секілді т.б. әндерінен шашу шашып, халықты тамаша әндерімен сусындатты.


   Ерке Есмахан мен «Ханзада» тобының  орындауындағы  әндерді халық шексіз қошеметтеп, кішкене бүлдіршілдер еріксіз билепте алды.

Келген тындармандар әдемі кештен бір демалып қайтқандай болып, әнші қыздарымен естелікке суретке түсіп,  шексіз ризашылықтарын білдірді.

Ұлдай Таңбайқызы

Бөрлі ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале