3.01.2025, 13:25
Оқылды: 61

Президенттің осылай ашық әрі мазмұнды пікір алмасуы қоғам үшін өте қажет – Біржан Қуаналиев

Бүгін «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кең көлемді сұхбат берді.

IMG_7241

Берген сұхбаты қазіргі Қазақстанның даму бағыттарын терең түсінуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшысы саяси реформалардан бастап экономикалық тұрақтылық пен әлеуметтік әділеттілікке дейінгі маңызды мәселелерді нақты атап өтті.

Егемендікті нығайту мен экономиканы жаңғырту – бұл тек бүгінгі күннің емес, болашақ ұрпақтың игілігіне жасалатын қадамдар. Сондай-ақ сұхбатта мәдениет пен қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөлінуі – ұлттық бірегейлікті сақтаудың стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Бұл сұхбат тек мемлекетті басқарудың негізгі ұстанымдарын түсіндіріп қана қоймай, халықты ортақ мақсаттарға біріктіруге бағытталған үндеу іспетті. Президенттің осылай ашық әрі мазмұнды пікір алмасуы қоғам үшін өте қажет.

 Біржан Қуаналиев

Жәнібек аудандық "Аманат" партиясы филиалынының артқарушы хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале