8.01.2025, 11:15
Оқылды: 212

Алматыда салмағы 6 келіден асатын алып бала дүниеге келді

Нәресте №5 қалалық перзентханасында өмірге келді. Салмағы 6 кг 300 грамм нәрестені дәрігерлер кесарь тілігін жасап алды, - деп хабарлайды Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

«Жүкті әйел перзентханаға толғатып түсті, қабылдау кезінде ультрадыбыстық зерттеу баланың салмағы 4 кг 800 грамм екенін көрсетті. бұл ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың салмағы бастың бипариетальды өлшеміне және құйрық-париетальді өлшеміне байланысты есептеледі»,- деді Жаңа туған нәресте бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Кененбаева. Айтуынша, операция сәтті өтті.

5c1a3aaa9565dbe71cd492ddee06f95c_1280x720

«Салмағы 6300 грамм болатын сәби - біздің перзентханада дүниеге келген ең алып бала. Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды. Операция сәтті өтті. Бәрі жақсы аяқталды. Ана мен оның ұлы сау. Бұл отбасындағы үшінші бала», - деп түсіндірді дәрігер.

Маман атап өткендей, төрт келіден асатын балалар үлкен болып саналады, ал 5 кг асатын нәресте алып деп аталады.

«Қазір анасы мен баласы перзентхананың медицина қызметкерлерінің тәулік бойы бақылауында және жақын арада перзентханадан шығуға дайындалып жатыр», - деді дәрігер.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале