8.01.2025, 13:30
Оқылды: 299

Қазақстанның ТЖМ құтқарушылары Ресейдегі ЖКО зардап шеккен отандастарының жағдайын білді

Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖ департаментінің басшылығы ведомствоның психологтарымен бірлесіп Ресей Федерациясынан жеткізілген пациенттерге барды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ТЖМ Телеграм каналы жазды.

5467896734412828914 (1)

Сурет: telegram.org

Зардап шеккендердің көңіл-күйі тұрақты-қанағаттанарлық. Пациенттер медициналық мекемеде, дәрігерлердің бақылауында.

Еске сала кетсек, үш күн бұрын, яғни 5 қаңтар күні Қазақстан ТЖМ Командалық орталығына Ресей ТЖМ-нен "Самара-Большая Черниговка" федералды автожолының 101 км болған жол-көлік оқиғасы болған еді. Апат салдарынан Қазақстанның жеті азаматы зардап шекті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале