10.01.2025, 12:30
Оқылды: 31

БҚО Жоғары медициналық колледжі әзірге сатылмайтын болды

Себебі колледж бағасы үшінші сатылымға шыққанда өте көп төмендеп кеткен. Сондықтан жекшелендіру туралы комисися мүшелері медициналық коллджді қазір сату тиімсіз деген шешімге келген.

2256a5a2ba9b2b8c (1)

Сурет: nur.kz

Осы себептен жоғары медициналық колледжі үшінші рет сатылымға шығарылмапты. Бұл туралы БҚО мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының өкілі айтты. Жоғары медициналық колледжді жеке кәсіпкерге сату туралы шешім жаз айында шыққан. Содан бері колледж екі мәрте тендерге қойылған. Үшінші сатылымда колледж бағасы 312,3 млн-ға бағаланған.
Жекешелендіру туралы комиссия бұл бағаға колледжді сату мемлекетке үлкен шығын келтіреді деген шешіммен әзірге сатылымнан алып тастау туралы шешім шығарған.

Жанат Көшкінбай

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале