Алакөл көлінде Ақши ауылы мен Көктұма ауылы арасында мұз жарылып, 25 балықшы жағаға жете алмаған. Бұл туралы Қазақстан Республикасының ТЖМ Телеграмм каналы жазды.

Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар қайықпен оларды жағаға жеткізді. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ. ТЖМ қатпаған мұзға шығудан бас тартуды ұсынады және қауіпті әрекеттерден сақтануға кеңес береді. Балық аулау - сенің өміріннен қымбат емес.