14.01.2025, 9:00
Оқылды: 152

Тасқалалық ардагер ұстаз 90 жаста

Тасқала ауданына қарасты Ақтау орта мектебінде ардагер ұстаз Мұстафина Ажар Шамиқызының 90 жасқа толуына  орай «Ұстаз жолы –дара жол» атты  кеш өтті.

дара жол 1

Білім ұясында өткен мазмұнды шараға  аудан әкімі Талғат Шакиров,  аудан әкімінің орынбасары Саягүл Галиева, аудандық ардагерлер кенесінің төрағасы Жәрдемғали Балыков,мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева мен  ардагер- ұстаздар, аталмыш мектептің 1980 жылғы түлектері,  білім ұясының педагогикалық ұжымы қатысты.

дара жол

Алдымен аудан әкімі Талғат Асқарұлы  мерейтой иесіне жүрек жарды лебізін білдіріп, иығына камзол жауып, алғыс хат табыстады. Ал, Жәрдемғали Абылғалиұлы мерейтой иесінің  кеудесіне «Тасқала ауданының құрметті ардагері» төсбелгісін  тақты.  Одан әрі ұстаз өмірінен бейнеролик  көрсетіліп, мерейтой иесімен қызметтес болған ардагер ұстаздар естеліктерімен бөлісті.  Еліне сыйлы, ұжымдастарына қадірлі Ажар Шәмиқызы туралы әңгімелер  бұл кеште риясыз ақтарылды.

дара жол 4

Ия, оның білімі ғана емес, адамгершілігі де кейінгі ұрпаққа өнеге. Кезегі келгенде  кеш кейіпкері  көңіл түкпірінде қалған әсерлі сәттерден тағылымды әңгіме өрбітті.   Аталмыш білім ұясы ұжымының  ұйымдастырған бұл кездесу кеші  жоғары деңгейде өтті. «Әр шәкірт қана емес, әріптестер санасына да қазық боп қалған терең білімі туралы қанша айтсаңда аздық етпесі айқын»,- десті шараға қатысушылар. Иә, лебіздер легі еш толастамасы айқын. Өзінен гөрі әріптестер еңбегінің бағаланғанын қалайтын, шәкірттерінің жұлдызы жанғанын көксейтін нағыз ұстаз болмысы әрдайым биікте қалары айқын. Себебі, бұл оның маңдай терінің өтеуі. Мәнді  өткен шара соңында «Дара жолға» жиналған көпшілік естелік суретке түсті.

 

Гүлмира Серікқалиқызы,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале