15.01.2025, 12:00
Оқылды: 31

Казталов ауданы: Қараобалық Қайбушевтардың қамқорлығы 

Казталов ауданынан 80 шақырым шалғайда жатқан Қараоба ауылы әуел бастан  көзтартар келбетімен, мұнтаздай тазалығымен, бірінен-бірі өтетін әсем үйлерімен ерекшелене-тұғын. Иә, бұл ауылдың ынтымағы мен ауызбіршілігі бөлек әңгіме. Қазақ елін алып бәйтерекке теңесек, еліміздің ырыс-ынтымағын арттырып отырған ауыл адамдары сол бәйтеректің мәуелі бұтақтары іспетті. 

image-15-01-25-10-54

Иә, Қараоба десе, қайырымдылық пен қамқорлықтың, қарапайымдылықтың үлгісі болған Қайбушевтар әулеті есімізге түседі.

Ел үшін еткен еңбегімен есте қалатын, өзі бұ дүниеден өтіп кетсе де есімі ұмытылмайтын  жандар болады. Міне, сол жан Қайбушевтар әулетінің асқар тауы, қараобалықтардың қамқор азаматы марқұм Мереке ағамыз ед(і). Ағамыздың игілікті ісі талай мақаламыздың арқауы болды. Көзіміз көріп, әр жылда қалам тербедік. Қараобалық ағайын айта жүретіндей артында өшпестей ізі қалды. Еліне еңбегі сіңген азаматтың ісі  өлмеді, ізі жоғалмады.

image-15-01-25-10-54-2

Бүгінде марқұм Мереке ағамыздың Қуанышы марқұм әкесінің ізгі жолын жалғастырып келеді. Бұл дүниеде тек жақсылыққа ұмтылып, жан дүниесі жарқырап көрініп тұратын ең қымбат адамдардың қадірі қашан да дараланып тұрады. Қараобаның Қуанышы

бүгінде еңбек адамдарының еңбектерін бағалап, қиналған пендесіне қолдау білдіріп, жылағанда жұбатып жүрген жан.

Оның тағы бір дәлелі - өз кәсіптерінде 10 жыл қызмет атқарған Арайлым Ермағанбетқызына жиһаз (спальный),  ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкері Серікқали Сәрсенғалиұлына  көлік сыйлап, тағы да елді таңғалдырды.

Серікқали Сәрсенғалиұлы – ауыл шаруашылығында талай жылдан бері еңбек етіп жүрген қарапайым адам. Ол күнделікті ауыр жұмыстарды атқарып, әрдайым айналасына үлгі бола білді. Оның еңбекқорлығы мен адалдығын жоғары бағалаған Қуаныш Кайбушев әкесінің игі ісін жалғап, жақсылық жасады.

Алланың әр берген нығметін сезініп, сауапты іске ұмтылған Қуаныштың  қарапайым халыққа бергенінен берері мол азамат екенін баршамыз білеміз.

Биылғы жыл “Жұмысшы мамандықтар жылы” деп жатырмыз. Әр жұмыс беруші өздерінің еңбек адамдарын осылай құрметтесе, нұр үстіне нұр болар еді.

 

Жұлдыз Асқар,

Казталов ауданы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале