15.01.2025, 15:15
Оқылды: 20

Алкогольді түнде сату мен жеткізуге жол жоқ!

2024 жылдың 27 желтоқсанында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қылмыстың алдын алу және түнде алкогольді сатуды тоқтату мақсатында «Yandex», «Wolt» және «InDrive» интернет-қосымшаларының басшыларымен меморандумға қол қойды, - деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы прокуратурасы.

 

WhatsApp Image 2025-01-15 at 15.52.13

Меморандум алкогольдік ішімдіктерді белгіленбеген уақытта жеткізуге және сатуға шектеулерді көздейді.

WhatsApp Image 2025-01-15 at 15.52.42

Сурет: gov.kz

Бүгінгі күні қылмыстың алдын алу жөніндегі 2024 жылғы 19 қарашадағы Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бой      ынша облыстық прокуратура полициямен бірлесіп рейд жүргізу нәтижесінде облыс орталығындағы 40 алкомаркеттің  15-і (38%) алкогольдік ішімдіктерді түнгі уақытта сатқандары үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 200-бабының 3-бөліміне сәйкес  лицензияны 1 айға тоқтатумен (Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн: сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн; этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтерді жалғастыру және қосымша шараларды қабылдау қазірдің өзінде нәтиже берді: мас күйінде жасалған қылмыстар санының азаюы 22%-ды құрады, бұл аймақтағы құқық бұзушылық пен қылмыстың жалпы жағдайына оң әсерін тигізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале