15.01.2025, 17:00
Оқылды: 140

Бөкей ордасы аудандық ауруханасына жаңа басшы келді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешевтің төрағалығымен облыстық штаттан тыс мамандардың қатысуымен медициналық кеңес ұйымдастырылды. Бұл кеңесте   аудандық аурухана директорының у.м.а Нұрлан  Зекешов 2024 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді.

жаңа басшыы (1)

Облыстық штаттан тыс фтизиатр Гүлнар Ишимова, облыстық кардиологиялық орталықтың маманы, дисплидемиялық координатор Нұрбек Әубекеров және облыстық онкологиялық орталығының онколог дәрігері Руслан Сайденов әр сала бойынша баяндама жасап,  атқарылған жұмыстарды саралап, өз ұсыныстарын білдірді.

Жиында сонымен басқарма басшысы Бөкей ордасы аудандық аурухананың  жаңа директоры Әнуар  Сапаровты  ұжымға таныстырды.

Әнуар Айдарұлы 18.07.1993 жылы   Казталов ауылында дүниеге келген. 2011 жылы А.Оразбаева атындағы  ЖОББМ аяқтап, Астана қаласындағы «Астана» медициналық университетіне оқуға түсіп, 2018 жылы «Жалпы тәжірибе дәрігері»  мамандығы бойынша тәмамдады. Сондай-ақ, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медициналық университетінің қосымша білім беру бөлімінде «Кардиологиядағы шұғыл көмек» бойынша білім алған. Алматы қаласындағы MCO Group мамандарды даярлау және біліктілік арттыру орталығында «Денсаулық сақтау менеджменті» бойынша қайта даярлау курсынан өткен. 2018 жылы анестезиология және реаниматология бойынша қайта даярлаудан өткен. 2018-2024 жылдары Казталов аудандық ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері, 2022-2024 жылдары Казталов аудандық ауруханасы директорының медицина бөлімі бойынша орынбасары, 2024 жылдың тамызы мен 2025 жылдың қаңтар айы аралығында Махамбет аудандық ауруханасында анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып қызмет атқарды.

Нұрай Таубай,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале