15.01.2025, 22:00
Оқылды: 526

Қазақстанда қасқыр, шибөрі аулауға рұқсат берілді

— 2025 жылдың 15 қаңтарынан бастап сағат 10:00–ден бастап санын реттеуге жататын жануарларды (қасқыр, шибөрі) аулауға рұқсат алу мүмкіндігі қолжетімді. Биологиялық негіздемеге сәйкес жануарлар санын реттеу мерзімі 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін бекітілген, — деп хабарлайды Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті.

IMG_3540Сурет: pixabay 

Дегенмен жануарлар дүниесі комитеті Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облысында қасқыр мен шибөріні атуға тек үй жануарларына шабуыл жасалғаны дәлелденген жағдайда ғана рұқсат берілетінін ескертті.
Жануарлар санын реттеуге рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 347 «Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы бұйрығымен регламенттелген.

Айта кетейік, елімізде аң аулау қызметі толығымен (www.elicense.kz веб-порталы) автоматтандырылған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале