17.01.2025, 9:00
Оқылды: 158

Аида Балаева зиялы қауымды Президент айқындаған құндылықтарды насихаттауға шақырды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның қатысуымен Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

bc6486532307ebe97eca8e9f6b58cadc_1280x720

Мемлекет басшысының өкіміне сәйкес, 2024 жылы мемлекеттік стипендияға 75 адам ие болды.

0f42aaa80a7ddb45f4664a09fcadbab0_1280x720

Министр шығармашылық зиялы қауым мәдени бірегейлікті сақтау, ел бірлігін нығайту және ұлттық құндылықтарды насихаттау ісінде маңызды рөл атқаратынын айтты.

3807541686552aa3e47d272af3d3f0cc_1280x720

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ұлттық руханият туралы үнемі айтып, оның елдік жолындағы орасан күші мен мол мүмкіндіктеріне қоғамның назарын аударып жүргені мәлім. 

2a1c9304a58aaab3ec671ed00e8eb48c_1280x720

Сурет: gov.kz

Жылдағы халыққа арнаған Жолдаулары, Ұлттық Құрылтайдағы бастамалары, түрлі сұқбаттарының өзегінде  – Тәуелсіздік пен Отаншылдық, Бірлік пен Ынтымақ, Әділдік пен Жауапкершілік, Заң мен Тәртіп, Жасампаздық пен Жаңашылдық сияқты бүгінгі Қазақстанға ауадай қажет құндылықтар жатыр», – деді министр.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале