17.01.2025, 16:00
Оқылды: 311

Қазақстанда шұғыл медициналық көмек тегін көрсетіледі

Барлық шұғыл медициналық көмек – МӘМС жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде тегін көрсетіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің Телеграм каналы жазды.

85b8605d-3274-475d-9368-94255afe7edf

Сурет: telegram.org

Қандай жағдайларда шұғыл қызметтің көмегіне жүгінуге болады❓

Созылмалы немесе әлеуметтік мәні бар аурудың өршуі, ЖРВИ белгілері немесе жарақаттар болған жағдайда сіз әрқашан жүгіне аласыз:
- фильт️р-кабинетке немесе өзінің немесе жақын маңдағы емхананың кезекші дәрігеріне
- жақын маңдағы аурухананың қабылдау бөлімшесіне
- жедел жәрдем шақырыңыз.

Егер мен шұғыл емханаға немесе ауруханаға барсам, мені зерттеп-қарап, емдей ме

Иә. Денсаулық жағдайын тұрақтандыру үшін қажет нәрсенің бәрі сізге ТМККК пакетінде толығымен тегін көрсетіледі.
Оның ішінде диагнозды верификациялау және емдеу тәсілін анықтау үшін арнайы мамандардың қажетті зерттеп-қараулары мен консультациялары, қажет болған жағдайда бекітілген тізбеге сәйкес дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және тәулік бойы стационарға емдеуге жатқызу.

Егер сіз шұғыл көмекке жүгінген әлеуметтік мәні бар немесе созылмалы ауру бойынша Д-есепте тұрсаңыз, сізге ТМККК пакетінде медициналық қызметтер көрсетуді жалғастыратын болады.
Сондай-ақ, «туберкулез» диагнозы қойылған пациенттерге оңалту көмегі ТМККК пакетінде көрсетілетінін еске саламыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале