19.01.2025, 15:30
Оқылды: 140

Оралда «Крещение» мерекесінде екі орынға суға түсуге тыйым салынды

Орал қаласында Крещение мейрамы кезінде Коминтерн және «Металлист» зауыты ауданындағы орындарда суға түсуге рұқсат етілмейді. Бұл туралы Орал қаласы әкімдінің баспасөз қызметі хабарлады.

IMG_3784

Сурет: Орал қаласы әкімдінің баспасөз қызметі

Қалада 19 қаңтар күні суға түсуге арналған 9 орында төтенше жағдай және медицина қызметкерлерінен кезекшілік ұйымдастырылады. Ал Коминтерн және «Металлист» зауыты ауданындағы орындарда ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес мұздың тиісті деңгейде қалың болмауына және орынның толық жабдықталмауына байланысты суға түсуге рұқсат етілмейді.

Қала тұрғындары мен қонақтарынан төтенше жағдайларды болдырмау үшін суға түскенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз.

Суға шомылу орындары:

1. Қалалық мәдениет және демалыс саябағы (Шаған өзені)
2. Ескі собор, Курени ауданы (Жайық өзені)
3. ⁠Әйелдер шіркеуі (Шаған өзені)
4. ⁠«Динамо» спорт базасы (Шаған өзені)
5. Затон Чапаев (Жайық өзені)
6. Желаев селолық округі, Арна көшесі (Карьер)
7. Круглоозерное кенті, «Грифка» (Көшім каналы)
8. ⁠Серебряков ауылы, «Берег» (Көшім каналы)
9. Деркөл кенті, «Магнит» дүкені (Деркөл өзені)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале