22.01.2025, 14:30
Оқылды: 224

Қазақстанда -40 градусқа дейін аяз болады

Арктикалық суық ауа ағындары Қазақстан аумағына еніп, алдағы үш күнде температураның одан әрі төмендеуі күтіледі, деп хабарлайды kazgazeta.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

a4c83f2c-f602-4e17-b2d2-d2f1d3bd9612лллл

Сурет: kazgazeta.kz

23-24 қаңтар күндері еліміздің шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлеріне Солтүстік-Батыс циклонының жырасы әсерін сақтап қалады, бұл аймақтарда қар, кей жерлерде қатты қар жауады. Ал қалған аумақта жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтілуде.

Ел бойынша бұрқасын, екпінді жел, көктайғақ және тұман болжануда.

Солтүстік өңірлерде түнде ауа температурасы 20-30 градус аяз, кей жерлерде 35 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз 13-20 градус аяз.

Орталық пен шығыста түнде 20-35 градус, ал кейбір аудандарда 40 градусқа дейін күшейетін қатты аяз күтіледі.

Оңтүстікте түнде 15-25 градус, кейбір жерлерде 28 градусқа дейін қатты аяз болады, күндіз температура 5-15 градус аяз шамасында сақталады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале