22.01.2025, 21:00
Оқылды: 42

Бөрлі ауданы тұрғындарының 99,8%-ы көгілдір отынды пайдаланып отыр – Еркебұлан Ихсанов

Елді мекендерді газдандыру бойынша жаңа жобаларды іске асыру тұрғындардың тұрмысын жақсартуға, Жасыл экономикаға біртіндеп көшуге және инвестиция көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берері сөзсіз.

398918f6-1e40-48dd-afa9-1e97a60ad47f
Бүгінгі таңда 58 мыңнан аса тұрғыны бар Бөрлі ауданының 99,8% көгілдір отынды пайдалануда. Сондай-ақ, барлық әлеуметтік нысанда да газ желілерімен қамтамасыз етілген.
Халық саны аз елді мекендердің бірі Масайтөбе ауылын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылы жобалық-сметалық құжаттама дайындалды. Биылғы жылы газ құбырлары жүргізілетін болады. Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған газдандыру жұмыстары жалғасын табады.
Экономикамыздың дамуы мен еліміздің энергетикалық тәуелсіздігінің артуы үшін маңызды жобалардың бірі – Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ауданымызға жұмыс сапары барысында бұл жобаның маңыздылығына тоқталған болатын. Қуаттылығы жылына 2-ден 4 млрд м3-ге дейінгі шикі газды өңдеуге арналған Қарашығанақ газ өңдеу зауытының құрылысының өңіріміз үшін артықшылықтары мол.
Алдымен, Қарашығанақ кен орнынан газды тікелей еліміздің ішкі нарығына және нарыққа сұйытылған мұнай газын жеткізу мүмкіндігі, сондай-ақ мұнай өндіру мен салық түсімдерін арттыру үшін жағдайлар жасалады. Оған қоса, зауыт құрылысы және оны пайдалануға беру кезеңінде 6000-нан 10 000 адамға дейін жұмыспен қамтылады және жергілікті тауарлар мен қызметтерге сұраныстар артады деген болжам бар. Жобаны КПО б.в. компаниясының акционерлері қаржыландырады. Қарашығанақ кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы үшінші онжылдықтың соңына дейін пайдалануға беріледі деп күтіліп отыр.

Еркебұлан Ихсанов

Бөрлі ауданы әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале