24.01.2025, 9:15
Оқылды: 36

Оралда мектептегі әлімжеттік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Орал қаласында мектептегі әлімжеттік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп жазды KAZINFORM.

6baa4487-0e5c-409e-8a7f-c7b8050d087b

Сурет: kaz.inform.kz

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, ҚР ҚК 140-бабына (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Тергеу амалдарын Шаған полиция бөлімі жүргізуде.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Орал тұрғыны қызын сыныптастары ұрып-соққаны жөнінде шағым жасағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ оқу орнындағы әлімжеттік оқиғасы бойынша Оралда мектеп басшылығы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қыздың анасы Instagram әлеуметтік желісінде mamochki_uralska_vmeste паблигінде жазғаннан кейін бұл мәселе қоғамдық пікір туғызып, тиісті шаралар қабылданған болатын.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале