Красноярск қаласында (Ресей) күрестен Иван Ярыгин кубогы дәстүрлі халықаралық турнирі өтті, - деп хабарлайды OLYMPIC.KZ.

Сурет: OLYMPIC.KZ
Бұл жарыста әйелдер құрамасы жоғары нәтижеге қол жеткізді. Отандастарымыз үш медаль жеңіп алды.
76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Эльмира Сыздықова финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амарды жеңіп, жеңімпаз атанды.
Ал 62 келіге дейінгі салмақта қазақстандықтар тағы екі медальға ие болды: Виктория Хусаинова екінші орынды, ал Тыныс Дубек қола жүлдені иеленді.