Ағымдағы жылдың 21-24 қаңтар аралығында өңіріміздің білім қызметкерлері арасында облыстық «Еуропа-Азия 2025» атты шаңғы туризмі техникасы жарысы өткізілді. Жарыстың мақсаты шаңғы туризмі техникасын дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, педагог кадрлардың біліктілігін көтеру. Аталған жарыс екі жылда бір рет ұйымдастырылады.

Сайысқа 11 аудан және 12 Орал қаласының командасы қатысуда. Әр команда 6 адамнан құралған. Биылғы сайыста 80-ге жуық педагог өз бақтарын сынауда.
«Еуропа-Азия 2025» жарысында ауданымыздың намысын Жас туристер станциясының қосымша білім беру педагогтері қорғап, биіктен көрінді. Атап айтсақ, Бөрлі ауданының командасы «Фотосуреттер» І орын, «Ыстық тағам» І орын, «Ұзақ» қашықтығынан ІІІ орын, «Эстафета» қашықтығынан ІІ орын, «Техникалық» қашықтығынан І орын, «Байлам» қашықтығынан ІІІ орын, «Байлам» қашықтығынан (аралас жұп) Тілек Ералиев пен Диана Асетова ІІІ орын, «Байлам» қашықтығынан (ерлер жұбы) Ернұр Мұрат пен Аманжан Әбуталиев ІІ орынды қанжығаларына байлады. Ал жалпыкомандалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді. Команда жетекшілері Т.Ералиев, Е.Мұрат.
Айдана Ерболқызы,
Бөрлі ауданы