4.02.2025, 15:30
Оқылды: 325

«Орал-1» командасы алда

Подстепный ауылында дене шынықтыру пәнінің ұстаздары Теректі аудандық білім беру бөлімінің кубогын сарапқа салды.

футбол1

Шағын футболдан ұйымдастырылған жарысқа Теректі, Казталов, облыстық мектеп, «Орал-1» командасы, «Орал-2» командасы, Жаңақала, Ақжайық, Бөкей ордасы, Бөрлі, Тасқала, Жәнібек, Сырым, Шыңғырлау, Бәйтерек, Қаратөбе командалары қатысып, өнерін көрсетті. Ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров жарысқа қатысқан ұстаздарға сәттілік тіледі.

футбол3

Жалпыкомандалық есепте «Орал-1» командасы жүлделі І орынға ие болса, Жәнібек және Жаңақала командалары II, III орындардан көрінді. Сонымен қатар жаңақалалық Берік Бекмашев «Үздік қақпашы», оралдық Дархан Залмұханов «Үздік қорғаушы» атанды. Ал жәнібектік Ернар Ерланов «Үздік ойыншы», оралдық Аслан Хайрушев «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубок, диплом және медальдар табыс етілді.

Лаура Халина,

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале