6.02.2025, 15:30
Оқылды: 343

Су тасқынына дайындық барысы тексерілді

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев іс сапармен Тасқала ауданында болып, көктемгі су тасқынына дайындық барысымен танысты. Алдымен өңір басшысы аудан орталығындағы су тасқыны кезінде қауіпті деген аймақтарды аралап, атқарылған жұмыстарды өз көзімен көрді.

IMG_9533

Кейбір су жүретін жолдар мен бөгеттердің айналасын көтеру қажеттілігін ескерткен Нариман Төреғалиұлы  аудан әкімі Талғат Асқарұлына  нақты тапсырмалар берді. Әсіресе,  ауылдың оңтүстік бағытындағы Орал-Ресей тас жолының бойында орналасқан үйлердің айналасын топырақ үйінділерімен көтеруді мұқият тапсырды.  Содан соң аудандық электр жүйесі ғимаратының жанында сап түзеген техникалардың көктемгі су тасқынына дайындығы мен аудандық мәдениет үйінде орналасқан эвакуациялық пункттің жағдайымен танысып, оң бағасын берді. Және инертті материалдар салынған қаптардың санын 5000 ға дейін жеткізу бойынша жұмыстану керектігін тілге тиек етті.

IMG_9544

«Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиұлы ауданымызға арнайы келіп,  көктемгі су тасқынына дайындық барысын көрді. Су жүретін арналар мен  сақиналарды өз көзімен көріп, тапсырмалар берді. Қазіргі таңда су тасқынына дайындық барысы  күн тәртібінде тұрған басты мәселе. Бізде ең қауіпті деген аймақ аудан орталығындағы Тасқала ауылы. Себебі ауылды  Деркөл өзені жарып өтеді. Сондықтанда бұл жер ең қауіпті аймақ болып саналады. Бірақ қол қусырып қарап отырмай жұмыстану үстіндеміз. Былтырғы жылды тасқалалықтардың  ұйымшылдығымен ауызбіршілігінің арқасында  абыроймен өткеріп шықтық. Жігіттер күн-түн демей жұмыла еңбек етіп, құм толы қапшықтардан бөгет соғып,  тасқын судың бетін қайтаруға атсалысты.  Биылда сол үдеден шығамыз деген сенім мол. Өйткені қажетті жұмыстар жасалуда. Тағы бір айта кететінім былтыр өңір басшысы Нариман Төреғалиұлы құм толы қапшықтарды ерте әзірлеуді тапсырған болатын. Соның пайдасын дер кезінде көрдік.  Жалпы  Тасқала ауданы аумағында 28 елді-мекен бар, соның 5-уін су басу қаупі бар, атап айтқанда Тасқала, Бірлік, 2-Шежін, Атамекен, Мереке ауылдары.

IMG_9550

Су тасуқыны жағдайы бойынша барлық елді-мекендердің паспорттары жасақталды. Ауданның халық саны 15903 адам, су басу қаупі бар аймақта 1 227 адам тұрады (274 үй). Егер су тасқыны болған жағдайда тұрғындарды қауіпсіз орынға  көшіру үшін  аудан бойынша  23 эвакуациялық пункт және қосымша 3 резервті эвакуациялық пункт белгіленіп, қажетті керек-жарақтармен толық қамтылды.

Зардап шеккен халықты ыстық тамақмен және азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін  жеке кәсіпкерлермен келісім-шарттар жасақталды.

Су тасқыны қауіпті кезеңіне 143 адам, еріген қар суын соруға аудан бойынша 32 мотопомпа, 6 бірлік су соратын техника, 57 бірлік арнайы техника (инженерные, грузовые, трактор), 20 бірлік эвакуациялауға арналған техника, 24 бірлік жеңіл автокөліктері және зардап шеккен халықтың жеке заттарын тасымалдау үшін 9 бірлік техника жұмылдырылатын болады.

Су тасқынын алдын алу іс-шараларына қажетті мөлшерде жанар-жағармай материалдары сатып алынды.

IMG_9564

Жалпы аудан бойынша 340 тонна инертті материалдар, 500 метр полиэтилен пленкалар және 12 000 дана қапшық алынды, оның 3000 қабы инертті материалмен (құммен) толтырылып, дайын тұр. Өңір басшысы оның санын 5000 мың қапқа дейін жеткізуді тапсырды. Бұйырса ол  тапсырмада орындалатын болады.

Қазіргі таңда аудан бойынша  1 дана темір қайық, 14 дана үрмелі қайық, 37 дана құтқару желеттері мен 3 дана генератор, 4 дана мотобур, 1 дана қарда жүретін көлік, 6 дана бензопила және 12 дана радиостанция бар.

Су тасқыны кезеңіне әр ауылдық округке жауапты болып  орынбасарларым мен аудандық дербес бөлімдері бекітілді. Қауіпті жағдай туындаған уақытта  ауыл шаруашылығы жануарларын да  қауіпсіз аймаққа көшіру орындары айқындалып, мал азығының қоры жинақталды. Сонымен қатар, Тасқала ауылында «Казахтелеком» АҚ, «Бөбек» балабақшасы мен «Ы.Алтынсарин» атындағы ЖББМ-нің шатырында 3 құлақтандыру жүйесі орнатылды. Олардың жай-күйі әр тоқсан сайын тексеріліп, қадағаланып тұрады. Су тасқыны кезіне дайындық әрқашан басты  назарда- дейді аудан әкімі. Ал, БҚО бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі  Ернар  Жалелов Тасқала ауданы бойынша берілген жұмыстар  толықтай жасалғанын, іссапар кезінде облыс басшысы тағы да  қосымша тапсырмалар бергенін айта келіп, жалпы Тасқала ауданы бойынша жағдайдың тұрақтылығын тілге тиек етті.

Ия, қалай болғанда да төтеден келуі мүмкін тасқын суға сақадай сай

болуымыз қажет.

 

Назгүл Серікқызы,

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале