7.02.2025, 16:30
Оқылды: 323

Сайлаудың сайыпқырандары сайысқанда

Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде барлық елдер 2005 жылы Будапештте (Венгрия) сайлауды ұйымдастырушылардың Бас конференциясында сайлау органдарының кәсіби мерекесі ретінде бекітілген және Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен дүниежүзілік сайлау күнін атап өтеді.

IMG20250207104713

Осыған орай Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссисиясы сайлау күнін аудан бойынша кең көлемде өткізуде.

IMG20250207104913

Мереке күні Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен және «Айбын» спорт клубының қолдауымен аудан орталығында «Көңілді эстафета» спорттық сайысы басталды.

IMG20250207105506

Аудан орталығындағы дене шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде өткен сайысқа аудандағы учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінен құралған командалар қатысуда.
Эстафетаның ашылу салтанатына қатысқан Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жанболат Темірғалиев сөз алып, дүниежүзілік сайлау күнінің маңыздылығы туралы айтса, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сан алуан саланың мамандары учаскелік сайлау комиссияларының құрамынан табылып, әр округте, әр елді мекендерде сайлаудың әділ және уақытында өтуіне атсалысып келеді. Ендігі кезекте сайлаудың сайыпқырандары спорттық сайыста бақ сынауда. Он үш команданың басын біріктірген бұл көңілді этафета спортшыларға көтеріңкі эмоция мен әріптестік қарым-қатынасты күшейтуге ерекше күш берері анық.

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале