"Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды. Мемлекет басшысы реформаларды жан-жақты сараптап, экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеуді ұсынды.
Президенттің пікірінше, қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуі тиіс. Үкімет бұл мәселені түпкілікті шешім қабылдау үшін білікті сарапшылар, кәсіпкерлер және депутаттардың пікірін ескере отырып, нақты есептеулер негізінде қабылдауы қажет. Сондай-ақ, Президент биылғы жылы нақты шешім қабылдануы қажет екенін, Үкіметтің депутаттармен және сарапшылармен бұл мәселені егжей-тегжейлі талқылауы керектігін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев салыққа қатысты тәртіпті күшейтіп, бюджет кірісін арттыру мен бизнес жүргізуге қолайлы жағдай жасау арасындағы оңтайлы шешімді табу маңызды екенін айтты", - деді Бөрлі аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Әли Бектурганов.