7.02.2025, 18:27
Оқылды: 281

"Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн"

"Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды.

IMG_4901

Фото: ortcom.kz

Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн екенін айтты. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керектігін атап өтті. Президент қосымша құн салығының мөлшерлемесі сараланып белгіленуге тиіс екендігін көрсетті. Бұл мәселе білікті сарапшылармен сараланып, кәсіпкерлер мен депутаттардың пікірлеріне құлақ аса отырып нақты есептеулер арқылы қабылданғаны дұрыс деді", - деп өз ойын білдірді Бөрлі аудандық маслихатының төрағасы Қайрат Ермекбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале