8.02.2025, 12:00
Оқылды: 299

Мәдениет қызметкерлері спорттан сайысқа түсті

Бәйтерек ауданына қарасты Бейбітшілік ауылында аудандық мәдени-демалыс орталығының мәдениет қызметкерлері арасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай спартакиада ұйымдастырылды. Олар тоғызқұмалақ, арқан тартыс, дойбы, үстел теннисі және мини-волейбол спорт түрлерінен сынға түсті.

IMG-20250206-WA0043

Жарысқа 8 команда қатысты. Олардың қатарында Переметный АМҮ, Дариян АМҮ, Жігер (Щапов, Янайкин, Үлкен шаған), Жібек жолы (Макаров, Жалын, Бейбітшілік, Махамбет, Асан, Мичурин), Крепкие орешки (Рубежин, Байқоныс, Достық, Сұлукөл, Чиров, Құрманғазы ауылдық округтері), Достық (Егіндібұлақ, Зеленый, Шалғай, Атамекен, Қайнар, Белес) командалары болды. Жарысқа барлығы 80-ге жуық мәдениет қызметкері қатысты.

IMG-20250206-WA0040
Спорттық шара ҚР Мемлекеттік әнұранымен басталды. Меценат әрі ауданның құрметті азаматы Бейбіт Асанов спортты және салауатты өмір салтын насихаттағаны үшін қатысушыларға алғысын білдірді. Спартакиада барысында Бейбітшілік мәдени-спорт кешенінің төрешілері жарысты әділ бағалап, қазылық етті.

IMG-20250206-WA0028
Жарыс қорытындысы бойынша Мини-волейболдан Жібек жолы командасы1, Жігер командасы 2, АМҮ командасы 3 орынға табан тіреді. Арқан тартыстан АМҮ 1, Достық 2, Крепкие орешки командасы 3 орын алды. Дойбыдан Зеленый ауылынан Анатолий Колоша 1, Дариян ауылынан Болат Нұрғалиев 2, Макаровтан Светлана Самарцина 3 орын иеленді. Тоғызқұмалақтан Байқоныс ауылынан Анна Сидорова 1, Янайкин ауылынан Гүлназ Балықова 2, Озерныйдан келген Бауыржан Бекентаев 3 орыннан көрінді. Үстел теннисі бойынша Шың сазды-драма театрынан Кенесары Болғанбаев 1, АМҮ-ден Жеңіс Қасымов 2, АМҮ-ден Ахан Жекеков 3 орын иеленді.
Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Сәнім Берік
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале