10.02.2025, 19:00
Оқылды: 323

БҚО-да үздік қоғамдық қабылдау бөлімдерінің жұмыстары сараланды

Қаңтар айынан бастап, «AMANAT» партиясының «Үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» байқауы өткізілетіні хабарланды. Осы орайда «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалына қарасты аумақтық филиалдар арасында үздіктерді анықтау үшін 10 ақпан күні облыстық комиссия отырысы өткізілді.

d4cd10d4-82ca-4e34-9bbd-07ebe6be0280

Конкурсқа қатысушы бөлмелерін бағалау жұмыстары «Азаматтарды жеке, оның ішінде көшпелі қабылдау» бағыты бойынша бағалау азаматтарды қабылдауды ұйымдастырудың жүйелілігі мен сапасын бағалауға, «Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмысы туралы талдамалық дайджест» жүзеге асырылатын қызметті таныстыру, визуалды баяндау, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жетістіктері мен қол жеткізген нәтижелерін көрсету мүмкіндіктерін бағалауға, «Құқықтық көмек» партиялық жобасы халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.
Аталған комиссия отырысы жұмысының нәтижесінде Сырым ауданындағы, Жәнібек ауданындағы, Ақжайық, Тасқала аудандарындағы қоғамдық қабылдау бөлмелері үздіктер қатарынан табылды.

2edbc120-44bc-4e5f-ba7f-63a5d1f592f2
Жалпы Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 7190 өтініш тіркелді. Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен азаматтардың мәселесін оң шешу бойынша: қоғамдық қабылдау бөлмелеріне келіп түскен азаматтардың мәселесін оң шешу 76% құрайды. Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары мен мемлекеттік атқарушы орган басшыларымен және құқық қорғаушылар тарапынан 1664 қабылдау өткізіліп, 3392 азамат қабылданды.

«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале