11.02.2025, 9:15
Оқылды: 340

Қазавтожол: “Ақтөбе-Орал-РФ шекарасының” негізгі жолының учаскесі уақытша жабылады

Ағымдағы жылы Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар “Подстепное-Федоровка-РФ шек.” автомобиль жолының 0-36 шақырымдық телімін қайта жаңарту жобасы жалғасуда.

жол+
Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын “Казкомсервис” ЖШС мердігер компаниясы осы жоба шеңберінде “Клеверный лист” типі бойынша көлік айрығын салудың негізгі кезеңіне кірісті.
Осы себепті, 2025 жылғы 12 ақпаннан бастап, 262 шақырымдағы “Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы (Сырым өткізу пункті)” KAZ10 негізгі жолының учаскесі (атап айтқанда, Атырауға баратын жол бағытындағы қиылыс) құрылыс кезіне уақытша жабылады.
Көлік құралдарының қозғалысы уақытша айналма жол бойынша ұйымдастырылатын хабарлаймыз.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале