Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Қоғамдық кеңестердегі мониторинг пен сараптама» тақырыбында тренинг өтті. Оған мемлекеттік құрылым, қоғамдық кеңес, ҮЕҰ, саяси партия өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан «БҚО Азаматтық альянсы» қауымдастығының президенті Әлия Сәлиеваның айтуынша, аталмыш қауымдастық ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының мемлекеттік гранты аясында «Қоғамдық кеңестерде ақпараттық-талдау жұмыстарын және әдістемелік орталықты ұйымдастыру» жобасын жүзеге асыруда. Аталмыш шара осы жоба аясында ұйымдастырылып отыр.
Шара барысында ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» заңы, одан туындайтын міндеттер, олардың жергілікті жерде орындалуы талқыланды.
Сәкен ӘБІЛХАЛЫҚОВ
www.zhaikpress.kz