12.02.2025, 10:00
Оқылды: 321

БҚО-да полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады

БҚО-да полиция қызметкерлері бопсалаушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

cb6ac69e-a2d2-4ac0-9acb-7ac4573881e1

Сурет: polisia.kz

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО полиция қызметкерлері 20 жастағы жігітті ұстады, ол Орал қаласының 19 жастағы тұрғынын қорқытып ақша бопсалаған. Күдікті ақша алу кезінде ұсталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Заңнамаға сәйкес осы қылмыс үшін мүлкi тәркiленiп, үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Егер сіз осындай қылмыстың құрбаны болсаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале