13.02.2025, 11:30
Оқылды: 486

Бүйрек синдромды геморагиялық қызбаның 27 жағдайы тіркелді

Былтырғы жылы облысымызда  бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) ауруының нақтыланған 27 жағдайы тіркелді.

WhatsApp Image 2025-02-13 at 12.36.21

Бүйрек синдромды геморагиялық қызба – 24 жағдайға (2023-3,2024-27) өсті.

Бәйтерек ауданы бойынша 14 жағдай, Бөрлі ауданы бойынша 7 жағдай және Орал қаласы бойынша 6 жағдай тіркелді.

Аурушаңдықтың өсу себептерінің бірі бұл көктемгі су тасқыны, Орал обаға қарсы станциясының ақпаратына сай, 2020-2024 жылдары аралығында тышқан тәрізді кеміргіштердің 10 есе өскен.

Бүйрек синдромды қызба аурумен ауырған науқастардың кеміргіштермен байланыста болғаны, балық аулауға шыққаны, шөп шабу жұмыстарына қатысқаны анықталды.

Бүйрек синдромды қызба ауруын алдын алу мақсатында тұрғындарға келесіні ұсынамыз:

1.Шөп, бидай , бидай өнімдерімен жұмыс істеген кезде және кеміргіштер болуы мүмкін шаңды бөлмелерде респиратор қолдану.

  1. Кеміргіштермен ластанған болуы мүмкін өнімдерді қолданбау.

Сонымен қатар, әкімдіктер тарапынан уақытылы дератизациялық жұмыстар жүргізілу қажет.

Н.Мұстаев,

Батыс қазақстан облысының

 санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

департаменті басшысының орынбасары

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале