5.05.2026, 21:00
Оқылды: 3

Казталовта «Сәлем – сөздің анасы» атты кездесу өтті

«Әжелер алқасы» жанынан құрылған «Әжелер мектебі» жобасы аясында Алма Оразбаева атындағы жалпы орта білім беретін мектепте «Сәлем – сөздің анасы» атты кездесу ұйымдастырылды. Қазақ халқының сәлемдесу дәстүрін дәріптеу, жас ұрпақты үлкенді құрметтеуге, ұлттық әдеп-ғұрыптарды қастерлеуге баулу мақсатындағы іс-шараға мектеп оқушылары белсенді қатысты.

image-05-05-26-08-27

Кездесу барысында әжелер алқасының мүшелері оқушылармен пікір алмасып, сәлемдесудің мәні мен маңызына тоқталды.

— Сәлемдесу бұл жай айтылған сөз емес, ол жүректен шығатын шынайы құрметтің белгісі. Сонымен қатар, үлкеннің жолын кеспей, ізет білдіру – ата-бабадан жалғасқан асыл қасиет. Біз осы құндылықтарды бойға сіңіріп, келешек ұрпаққа дәріптей білуіміз қажет, — деді Нұрия Хабибуллина.

Шараға қатысқан оқушылар да белсенділік танытып, сәлемдесу тақырыбындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Ал әжелер оқушыларға тәттілер таратып, ақ тілектерін арнады. Тағылымы мол басқосу жас буынның бойына ізгілік пен ұлттық тәрбиені сіңіруге сеп болды.

Айта кетейік, өткен жылы «Әжелер» алқасы құрылып, ардагерлер кеңесінің облыстық филиалы тарапынан жоғары бағаға ие болған болатын.

«Ауыл айнасы» 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале