Сырым ауданында Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына және жауынгер-интернационалист Аманжол Гусмановты еске алуға арналған ерлер арасында стритболдан ХХХІІ дәстүрлі аудан біріншілігі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Қайрат Төлепов, «Сырым сарбаздары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмас Абдрахманов, ауған соғысының ардагері Ғаділ Қазиев сөз сөйледі.

Алмас Елшібеков Мұнайдар Балмолданың сөзіне жазылған өзінің «Ауған әні» әнін орындады.

Жарыста 14 команда бақ сынады. 1-орынды Жымпиты ауылы жеңіп алды. 2- орын Ж.Досмұхамедов атындағы орта мектеп-балабақша кешені, 3-орын Алаш командасына бұйырды.

«Жеңіске деген жігерлігі үшін» Бұлдырты ауылы марапатталды.
Асан Мурадимов «Үздік ойыншы», Алтынбек Жайманов «Ардагер ойыншы» аталымына ие болды.
Шынар Молданиязова
Сырым ауданы