13.02.2025, 22:00
Оқылды: 417

Жаңа футбол клубы «Ақжайық» ФК алдындағы жалақы қарызын өтеуді мойнына алды

Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, облыста «Жайық» атауымен жаңа футбол клубы құрылады. Жаңа клуб бұрынғы «Ақжайық» ойыншылары мен жаттықтырушыларының жалақы қарыздарын төлеуді өз міндетіне алды.

0393dc45-d97f-45f3-b38e-fcec04e34725

Айта кету керек, «Ақжайық» футбол клубы 2024 жылы борышкерлер тізіміне енген болатын. Сондықтан клуб мемлекеттік сатып алуларға қатысу құқығынан толық айырылып, нәтижесінде 36 қызметкер 2024 жылдың қаңтар-қазан айлары аралығында жалақысын алмаған. Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің БҚО департаменті мәліметінше, қарыздың жалпы сомасы 65,2 миллион теңгені құрайды.

b65b9a9c-bf42-4e23-bc5c-24ca3e6aebaf

«Ақжайық» клубының құрылтайшыларына 10 ақпанға дейін демеушілер мен инвесторлар есебінен мәселені шешуге уақыт берілгенімен жағдай реттелмеді. Осыған байланысты облыс әкімдігі жедел шара қарастырып, «Жайық» футбол клубын құру туралы шешім қабылдады.

Алдағы маусымда «Жайық» Қазақстан чемпионатының екінші лигасында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, клубтың жастар құрамасы QJ League (Қазақстанның жасөспірімдер лигасы) турниріне қатысуы мүмкін.

5a095a60-a6f6-482f-9314-bc7166f83ff1

Жаңа құрылған футбол клубы бұрынғы ұжым алдындағы барлық қаржылық міндеттемелерді орындап, өңірдегі футболдың тұрақты дамуын қамтамасыз етуді мақсат етіп отыр. Клубтың алға қойған негізгі мақсаттарының бірі - балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға ерекше назар аудару.

Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі
+ 7 702 744 85 42

Қайырхан Қалдыбайұлы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале