15.02.2025, 17:00
Оқылды: 322

Бөкейде волейболдан халықаралық турнир өтті

Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шектеулі контингентін шығарылғанына 36 жыл толуына арналған шара өз жалғасын спорт кешенінде тапты. Айтулы күнге орай ерлер арасында волейболдан халықаралық турнир өтті.

IMG-20250214-WA0088

Спорттық сайысқа РФ Астрахан облысы Ахтубинск қаласының Қорғаныс министрлігіне қарасты В. Чкалов атындағы мемлекеттік ұшыру-сынақ орталығының командасы, Жәнібек ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы, Шекара басқармасы командасы, Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы қатысты.

IMG-20250214-WA0069
Мемлекетіміздің гимнімен басталған шара барысында аудан басшысы Нұрлыбек Даумов қатысушыларға «қош келдіңіздер!» деп, сәттілік тіледі. Ауған соғысының ардагері Нағим Баткенов те доп додасына сәттілік тілеп, ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

IMG-20250214-WA0073
РФ әскери бөлімінің командир орынбасары подполковник Дмитрий Ржевский де шара ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді.

IMG-20250214-WA0074

IMG-20250214-WA0098
Спорттық сайыс қорытындысында ресейлік командасы І орынға лайық танылса, ІІ орынды Жәнібек ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы, ІІІ орынды Бөкей ордасы ауданының мемлекеттік қызметшілер командасы иеленді.

Барша қатысушыларға заттай сыйлық пен диплом табысталды.

Еркебұлан Рахметолла
Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале