Орал қаласы әкімінің тапсырмасымен қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі, жер қатынастары бөлімі полиция басқармасымен бірлесіп көшеде заңсыз қойылған сауда дүңгіршектерін алу бойынша жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы Орал қаласы әкімдігінің Facebook желісінде жазды.
Орал қаласында заңсыз орнатылған шамамен 60-тан аса сауда дүңгіршегі анықталды. Бүгінге дейін рейд жұмысымен осындай 57 сауда дүңгіршегі қамтылды. Барлық дүңгіршек иелеріне рұқсат құжаттарын ұсыну туралы хабарламалар таратылды. Құжаттары түгел болмаған жағдайда қалалық жер қатынастары бөлімі тарапынан жер ресурстарын басқару департаментіне хат жолданады. Әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сотқа талап-арыз беріледі.
Күні бүгінге заңсыз қойылған 53 дүңгіршек алынып тасталды. Бұл бағыттағы жұмыс әрі қарай жалғасады.