Жаңақала колледжінде «Менің мамандығым - аспазшы» атты апталықтың ашылуы өтті.

Ашылу барысында таныстырылым жұмыстары жүргізілгеннен кейін, тәтті бәліштерді безендіру эстафетасы жүзеге асты. Студенттердің жүзіне күлкі сыйлаған апталық бес күнге созылатын болады. Жиын барысында «Тамақтануды ұйымдастыру» мамандығының арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің ұйымдастыруымен «Coffee break», «Жеміс әлемінің сиқырлы шеберлері» атты топтық жарыс, «Бауырсақ fest» топ аралық жарыс, «Тәуліктік щи» атты ашық сабақтар өткізілетін болады.
- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялағандай, аталмыш апталық барша ұжым мен тәрбиеленушілерді жан-жақтылыққа дамыту, еңбексүйгіштікке шақыру бағытында ұйымдастырылды. Шара соңында қатысушыларды марапаттайтын боламыз. Жиынның мақсаты- ұйымшылдық пен бірлестікті үйлесіп қылып, аспаз мамандығында білім алушы 15 студентке дұрыс бағыт беру. - дейді жас маман, өндірістік оқыту шебері Гүлмира Берікқызы.
Ақерке Ғилымхан,
Жаңақала ауданы