18.02.2025, 15:00
Оқылды: 202

Мектеп түлегінен тамаша сый

«Адамды адам еткен - еңбек» демекші, қашанда жұмысына асқан жауапкершілікпен, ұқыптылықпен қарап, адал маңдай термен еңбек ету арқылы  өзіне де айналасындағы ағайынға да көмек қолын созып жүрген еңбек сүйгіш жандар баршылық.

WhatsApp Image 2025-02-17 at 18.42.01

Солардың бірі мектебіміздің  түлегі Ақжолбек Біржанұлы. Бүгінгі күні бас қаламыз Астанада еңбек жолын бастап, өз еңбекқорлығының арқасында  шағын кәсіп бастап, “COLORPRINT”  орталығын  ашып  жұмыс  жасап  келеді. 

WhatsApp Image 2025-02-17 at 18.41.59

Ақжолбек  Біржанұлы өзі  түлеп  ұшқан  білім ордасына  деген  құрметін  ерекше  ісімен  көрсетіп,  мектебімізге мемлекеттік рәміздер стендін  жасақтап берді.  Бұл  жас ұрпақтың  бойында Отаншылдық пен  патриоттық  сезімді  нығайтуға  зор  үлес қосатын игі іс. Ақжол Біржанұлына алғыс  айта  отырып,   деніне  саулық, еңбегіне  табыс, отбасына  амандық  тілейміз.

Аруғаным Қазиева,
Жаңақала ауданы
WhatsApp Image 2025-02-17 at 18.42.00
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале